Меню KDT

Жаңалықтар

Әліппемен қоштасу

Жас шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, білімнің қайнар бұлағы – әліппе екендігі анық. Сондықтан да қандай ғалым, дана болмасын, ақын болмасын өзін ең алғаш білім-ғылым нәрімен сусындатып, алғаш сауатын ашқан – әліппенің алдында басын иеді, оны кие тұтады, құрметтейді.    

Міне осы мақсатта 20-желтоқсан күні №65 мектеп-гимназиясында 1-ші сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» мерекелік шарасы өтті. Оған мектептің бастауыш сыныбынан 1-сынып оқушылары, оқушылардың ата-аналары, ұстаздар қауымы, мектеп басшылығы барлығы дерлік бір кісідей қатысты. Мерекелік іс-шараны мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Жансұлу Мұхамадиева Жұмаевна алғы сөзбен ашып, жасөспірім балаларды «Әліппемен қоштасу» мерекелерімен құттықтап, әліппеден алған білімдері болашақта жарқын болашаққа бастайтын айнымас серігіне айналып, үлкен азамат болып қалыптасуына негіз болатындығын атап өтті. Іс-шараға қатысушы барша оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, әліппеден алған білімдерімен бөлісті, көрермендерге өз өнерлерін ұсынып, ән-жырдан шашу шашса, бишілер мың бұралған билерімен көпшілікті тамсандырды. 1-сынып оқушыларынан тағы басқа да талант иелері көріністер мен қойылымдар қойды. Осылайша мерекелік іс-шара өз деңгейінде өтті.
Біліммен бақыт табамыз,  Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! – деп 1-сынып оқушылары «Әліппені» аяқтап, енді «Ана тілімен» білім кеңістігіне жол тартатындықтарын айтып, тарқасты. 

669 просмотров

Добавлено: 20.12.2014 в 18:00