Меню KDT

Жаңалықтар

Жастар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан» ұйымына «Жас Қыран» жасөспірімдерді қабылдау рәсімі өтті


Жастар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан» ұйымына «Жас Қыран» жасөспірімдерді қабылдау рәсімі өтті

15-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында №65 мектеп-гимназиясында Республикалық «Жас Ұлан» жастар мен жасөспірімдер  ұйымының «Жас Қыран» қатарына мектептің бастауыш сыныптың үздік, белсенді оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі өтті.


Жастар мен жасөспірімдердің
«Жас Ұлан» ұйымына «Жас Қыран» жасөспірімдерді қабылдау рәсімі өтті

15-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында №65 мектеп-гимназиясында Республикалық «Жас Ұлан» жастар мен жасөспірімдер  ұйымының «Жас Қыран» қатарына мектептің бастауыш сыныптың үздік, белсенді оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты жиынды мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жансұлу Мұхамадиева Жұмаевна өз алғы сөзімен ашып, жасқырандықтарға тәуелсіз еліміздің мақтаныш тұтатын, еліне адал қызмет ететін азаматы болып қалыптасуына тілектес екендігін жеткізіп, «Жас Қыран» ұйымының антын берік сақтап, бұлжытпай орындауларын ескерте отырып, барша ұйымға қабылданып отырған жасөспірімдерді мүшелікке қабылдануымен құттықтады. 

«Жас Қыран» қатарына мектептің 2 мен 4-сынып оқушыларынан 217 оқушы қабылданды. «Жас Қыран» қатарына қабылданып отырған барша жасөспірімдер: «өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру» мақсатында жұмыс атқаратындықтарына көпшіліктің алдында салтанатты түрде ант берді. Одан соң мүшелікке қабылданған барша жастарға ұйымның жалаушасы байланып, төсбелгісі тағылды.

         Салтанатты жиынды бастауыш сынып мұғалімдері Құрманбекұлы Қуаныш және Бижігітова Сәуле жүргізді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Мерекелік концертте бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көсетіп, ән айтып, би билеп барша көрермендерді тәнті етті.

            Елбасы бастамасымен құрылған «Жас Ұлан»  ұйымының «Жас Қыран» қатарына қабылданған жасөспірімдер алдағы уақыттарда Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту жолында аянбай еңбек ететіндігіне сеніміміз кәміл.  
619 просмотров

Добавлено: 15.12.2014 в 15:00