Жаңалықтар
«Менің Отаным – Қазақстан!» атты сурет салудан байқау өтті
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан!» атты сурет салудан байқау өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егеменді еліміздің болашағы - жастар» екендігін үнемі айтып, жастардың осы заманғы ғылыммен сусындап, өнер-білімге ұмтылуы, өз елінің патриоты болып қалыптасуын да өз жолдауларында атап өтуде.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай
«Менің Отаным – Қазақстан!» атты сурет салудан байқау өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егеменді еліміздің болашағы - жастар» екендігін үнемі айтып, жастардың осы заманғы ғылыммен сусындап, өнер-білімге ұмтылуы, өз елінің патриоты болып қалыптасуын да өз жолдауларында атап өтуде.
Міне, осы мақсатта 9-желтоқсан күні 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай №65 мектеп-гимназиясында педагог-ұйымдастырушы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан!» атты сурет салудан байқау өткізілді. Оған мектептің 2-сынып оқушылары қатысты. Байқау ережесі бойынша қылқалам шеберлері «Туған ел», «Отан», «Тәуелсіз Қазақстан», «Астана елімнің жүрегі» тақырыбында сурет салып өз өнерлерін көрсетті. Сайыс үлкен дайындықпен, әрі дарын иелерінің қатысуымен әділ де, шынайы өткізілді. Бұл байқауда мектептің сурет пәні бойынша мұғалімі Айнұр Адай әділқазылар алқасына басшылық етті. Байқау қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімі негізінде 1-ші орынды 2 «н» сынып оқушысы Сүйінтай Диана иеленді, 2-ші орындарға – Крылова Ольга 2 «л» сыныптан, Мұратбек Дидар 2 «н» сынып оқушысы лайық деп табылды. Сондай-ақ үшінші орындарды 2 «ә» сыныптан Абдужалил, 2 "и" сыныптан Нұрқан Ануар, 2 «з» сыныптан Пернебек Ұлбосын еншіледі.
«Бұлақ көрсең көзің аш» деген бабалар өсиетін ескерсек осындай байқаулардың нәтижесінде Ә.Қастеев сияқты әлем мойындаған дарын иелерінің арамыздан шығып, елімізді әлемге танытуы ғажап емес.
1231 просмотров
Добавлено: 13.12.2014 в 13:26