Меню KDT

Жаңалықтар

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 3-ші қазақ және орыс сынып оқушылары арасында өткен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан байқауы


16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 3-ші қазақ және орыс сынып
оқушылары арасында өткен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан  байқауы
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясында: «Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деп атап өткендей Тәуелсіз Қазақ елін жас ұрпақсыз елестету мүмкін емес. Яғни жастардың болашағы ұлт болашағы, егеменді еліміздің жарқын бейнесі болмақ.   


16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 3-ші қазақ және орыс сынып оқушылары арасында өткен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан  байқауы
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясында: «Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деп атап өткендей Тәуелсіз Қазақ елін жас ұрпақсыз елестету мүмкін емес. Яғни жастардың болашағы ұлт болашағы, егеменді еліміздің жарқын бейнесі болмақ.   
Осындай мақсатта 10,11-желтоқсан күндері №65 мектеп-гимназиясында 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің бастауыш сыныптары бойынша педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен 3-ші орыс және қазақ сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан байқауы өткізілді. Оған мектептің 3-ші қазақ сыныптарынан 3 «ә», 3 «ж», 3 «з» сынып оқушылары, орыс сыныптарынан 3 «м», 3 «п», 3 «н», 3 «р», 3 «л» сынып оқушылары қатысты. Байқау шарты бойынша оқушылар ҚР Мемлекеттік Әнұранын жатқа орындады. Байқауға мектептің 3-ші қазақ-орыс сынып оқушылары дайындықпен қатысып, Әнұранымызды өз дәрежесінде орындай білді. 65 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Бегімбетова Назира Серікбайқызы басшылық еткен әділ-қазылар – Қамзаев Қуаныш Құрманбекұлы, Елекеева Нұргүл Жақсыбекқызының ұйғарымы бойынша қазақ сыныптарынан 3 «з» сыныбы 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орынға 3 «ә» сынып оқушылары лайық деп табылды, 3-ші орынды 3 «ж» сынып оқушылары еншіледі. Сол секілді орыс сыныптары бойынша  3 «н» сыныбы 1-орынды иеленсе, 3 «р» сынып оқушылары  2-орынды жеңіп алды, үшінші орынды 3 «п», 3 «м», 3 «л» сынып оқушылары місе тұтты.
Қазақстан-2050 Стратегиясында аталған «Мәңгілік Қазақ Елінің» шынайы патриоты және Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі ұрпағын өз Отанына адал етіп тәрбиелеуде осындай шаралардың маңызы зор.

560 просмотров

Добавлено: 12.12.2014 в 10:00