Меню KDT

Жаңалықтар

Тұлға - 2014


2014 жылы 26-31 мамыр аралығында «Тұлға КZ» ЖШС көмегімен  Қарағанды қаласында «Тұлға - 2014» халықаралық фестиваль-конкурс болып өтті.


2014 жылы 26-31 мамыр аралығында «Тұлға КZ» ЖШС көмегімен  Қарағанды қаласында «Тұлға - 2014» халықаралық фестиваль-конкурс болып өтті. Осы конкурста №65 МГ вокал мұғалімі Сагинтаева Данагүл Сагинтаевна жетекшілігімен 6 ә сынып оқушысы Ашикова Диана (орта топ) мен 3 а сынып оқушысы Жақсылық Фариза  (кіші топ) эстрадалық вокал номинациясы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай өнер көрсетті. Қазақстанның барлық қалаларынан келген 45 баланың арасынан Жақсылық Фариза әділ қазылардың көңілдерінен шығып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.  Ашикова Диана дипломант атанды. Ұстазы Сагинтаева Д.С. үздік ұстаз димломымен марапатталды.


566 просмотров

Добавлено: 04.06.2014 в 15:00