Меню KDT

Жаңалықтар

Алып шахардың әр мектебінде оқушылар тағы бір оқу жылын аяқтап, соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізді.


Алып шахардың әр мектебінде оқушылар тағы бір оқу жылын аяқтап, соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізді. Білім ордамыз №65 мектеп-гимназиясының қабырғасында да салтанатты жиын үлкен қуанышпен атап өтілді.


Алып шахардың әр мектебінде оқушылар тағы бір оқу жылын аяқтап, соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізді. Білім ордамыз №65 мектеп-гимназиясының қабырғасында да салтанатты жиын үлкен қуанышпен атап өтілді. Салтанатты жиында мектебіміздің түлектері соңғы вальсымен ата-аналарымен аса құрметті қонақтарды таң қалдырды. Үлкен қуаныш еліміздің әнұранымен ашылып, балдырған  балалардың өлең-тақпақ, ән-жырларымен жалғасын тапты. Жиынның құрметті қонағы Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс Бурханов Камал Низамұлы мектеп түлектеріне ақ жол ізгі ниетін, ұстаздар мен ата-аналар ыстық ықыласын толғана жеткізді. Астана қаласы білім басқармасының инклюзивтік білім беру бағытының жетекші бас маманы Камашова Гүлнар Төлеутайқызы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ерен еңбектің нәтижесі ҰБТ-ден ойдағыдай биік жетістікке жеткізуге тілек берді. Жиын барысында мектеп бітіруші түлектерді - мектеп басшысы Теменова Сәуле Ермұханқызы, ата-аналар, 11 жыл бойы білім беріп, тәрбиеленген аяулы ұстаздарды да сөз алып құттықтады. Түлектердің жан тебірентер сөздері шексіз алғыстары келесі жылғы түлектерге табыстаған аманат кілті – мектептің абыройын асқақтату мақсатындағы ізгі шараларды жалғастыра дамыту ниетімен соңғы қоңырау сыңғырымен аяқталды.


641 просмотров

Добавлено: 25.05.2014 в 17:00