Меню KDT

Жаңалықтар

ҰБТ дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек


2014ж.18.05. №65 МГ Республикалық акция шеңберінде қалалық ата-аналар жиналыс-семинары болып өтті. Тақырыбы: «ҰБТ дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек».


Республикалық акция шеңберінде қалалық

ата-аналар жиналыс-семинары

2014ж.18.05. №65 МГ Республикалық акция шеңберінде қалалық ата-аналар жиналыс-семинары болып өтті. Тақырыбы: «ҰБТ дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек». Жиналыс-семинарда «Нұр Отан» партиясының өкілі Утебаева М. М. Білім басқармасының  өкілі  - Камашева Г. Т. және де Астана қаласы  №15,18,20,41,65 мектеп 11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Нұр Отан партиясының өкілі М.М. Утебаева партия жетекшісінің сәлем хатында жазылған Бірыңғай республикалық жиналысты өткізу маңыздылығын оқып берді. Бұндай акция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Осы іс-шарада түлектердің 45 мың ата-анасы қатысады. Қазақстанның 17 қаласында  бір мезгілде Астана қаласы Отбасылық тәрбие институтында оқыған психологтар өткізіп жатқанын хабардар етті. Білім басқармасының өкілі Г.Т. Камашева ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т. О. Балықпаевтың хатын оқып, осы жылы ҰБТ қалай өтетіні жөнінде толық қанды ақпарат берді. Отбасылық тәрбие институтының психолог-кеңесшісі Сәуле Камальхановна Ахметжанова биыл ҰБТ тапсыруға 10 жыл толғанын, 2004 жылдан басталғанын айтты. Жасөспірім өмірінде әке мен ананың рөлі туралы түсірілген бейнетаспа көрсетілді. Ахметжанова С. К. түлектердің ата-аналарына бірқатар кеңес беріп, психологиялық ұсыныстар жасады. Барлық қатысушылар ҰБТ-ға қатысты сауалнамалар толтырды. Еріктілер барлық жиналған ата-аналарға жаднамалар таратты. Мектеп оқушылары шағын концерт көрсетті. Жиналыс соңында қатысушылар естелік ретінде фотоға түсті.


485 просмотров

Добавлено: 19.05.2014 в 15:00