Меню KDT

Жаңалықтар

«Абай шығармашылығы ұрпақ аузында»

           2014 жылғы 23 сәуір күні біздің мектеп-гимназиямызда орыс  мектептерінің оқушыларына арналған  жыл сайын болатын  қалалық  ХV Абай, Шәкәрім оқулары болып өтті. Сайыс «Абай шығармашылығы ұрпақ аузында» тақырыбында өтіп, Абай мен Шәкәрім шығармашылығына арналды.  Абай - қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындыларды дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын  шындық. Сайысқа 26 мектептің оқушыларыөз өнерлерін ортаға салды.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:  оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау; оқушылардың шығармашылық қабілетін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту, оқушыларды адамгершілікке, поэзияға сүйіспеншілікке, Абайдың рухани мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу. Сайыс «Өлең - сөздің патшасы,  сөз сарасы» (Абайдың шығармаларын жатқа оқу), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» 2 кезең бойынша өтті. Сайысқа түскен оқушылардың еңбегіне Білім басқармасының әдіскерлері Әбуова М.Ә. мен Баяхметбаева К.І., қалалық шығармашылық топ жетекшісі Садыкова К. А төрелік  жасады. Бірінші кезең  бойынша Бас жүлде №22 МГ оқушысы Қалиева Ақерке, Екінші кезең бойынша Бас жүлдені  Сатарова Дариға №7МГ  оқушысы жеңіп алды. Осы сайысқа түскен біздің мектептің 7 «л» сынып оқушысы Тасқұлов Еркебұлан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Абай шығармаларының  мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз.

611 просмотров

Добавлено: 24.04.2014 в 15:00