Меню KDT

Жаңалықтар

«С.Сейфуллин мұражайына саяхат»


29 сәуір күні 8 ә сынып оқушылары жетекшісі Файзулина Б.Б. бірге Астана қаласындағы «С.Сейфуллин мұражайына» саяхатқа барып қайтты.


29 сәуір күні 8 ә сынып оқушылары жетекшісі Файзулина Б.Б. бірге Астана қаласындағы «С.Сейфуллин мұражайына» саяхатқа барып қайтты.Мұражай Қазақстан Үкіметінің шешімімен 1988 жылғы 20 ақпанда жеке отау тігіп, өз жұмысын бастады. Мұражай орналасқан үй ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағаш сәулет өнеріне жататын ғимарат--тарихи ескерткіш. Оқушылар саяхат барысында мұражайда Сәкеннің кіндік қаны тамған Қарашіліктен бастап, 1938 жылдың 25 ақпанында, ең соңғы ауыр жаза-үкімі орындалар алдында түсірілген фотосуреттеріне дейінгі көріністерін көріп танысып қайтты.  С.Сейфуллиннің қолжазбалары, қызмет бабындағы қатынас қағаздары мұражайдың аса құнды құжаттары қатарына жатады. Экспозиция жеті залда орналасқан: «Балалық және жастық шағы», «Мемлекеттік қызметі», «Педагогикалық қызметі», «Әдеби қызметі», «Ел есінде», «С.Сейфуллиннің кабинеті», Сәкен мен жанұясына тиесілі заттар бөлмесі мен Мәжіліс залы.


563 просмотров

Добавлено: 30.04.2014 в 15:00