Меню KDT

Жаңалықтар

«АЛЖИР»


31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты жоспарға сәйкес қазақ зиялыларының өмірі, отбасы, қызметі туралы жан-жақты мағлұматты оқушыларға жеткізу  мақсатында 29 сәуір күні 6м, 6ә, 7л, 8л сынып 65 мектеп-гимназиясының оқушылары Астана қаласынажақын жерде орналасқан Ақмол поселкесінде «Алжир» лагеріне барып қайтты.


31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты жоспарға сәйкес қазақ зиялыларының өмірі, отбасы, қызметі туралы жан-жақты мағлұматты оқушыларға жеткізу  мақсатында 29 сәуір күні 6м, 6ә, 7л, 8л сынып 65 мектеп-гимназиясының оқушылары Астана қаласынажақын жерде орналасқан Ақмол поселкесінде «Алжир» лагеріне барып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар алғашында бұл жер «26-нүкте» деп аталатын орын екен. Тұтқындар бұл лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Мұндағы  әйелдердің бар айыптары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы. 

            Мұражай кешені «Сталиндік вагоннан» , «Қасірет қақпасы» монументінен, «Түңілу мен әлсіздік», «Күрес пен үміт» мүсіндік композицияларынан, Зерде қабырғасынан, Ескерткіш белгілерден және мұражай ғимаратынан тұрады екен. Осы залдарды аралап, тарихқа тереңірек үңілді. 

              Екінші  «АЛЖИР» залы «Отанын сатқандар» әйелдерінің  Ақмола лагерінің  тарихына, кінәсіз тұтқында отырған әйелдердің өмірбаянына, ондағы 8 мыңнан астам әйелдердің тұрмыс-тіршілігі, олардың азапты өмірлері бейнеленіпті. Экскурсия барысында мұражайда орналасқан  кинозалда  балаларға  «АЛЖИР»  лагері туралы деректі фильм көрсетілді.

        Экскурсияда оқушыларды түрлі сұрақтар толғандырып, ой салғаны байқалды. Тарихтың таңбалы сәттерінің жәдігерлерін көздерімен көрген балалар үлкен әсер алды.


680 просмотров

Добавлено: 30.04.2014 в 15:00