Меню KDT

Жаңалықтар

«Жастар есірткіге қарсы» КТК байқауы

Астана қаласында  22.04.2014 - 26.04.2014 жыл аралығында «Бақытты балалық»  атты акция  шеңберінде 26.04.2014 ж. №65 мектеп-гимназиясында «Жастар есірткіге қарсы»  жасөспірімдер КТК байқауы ҚР жастар саясатын жүзеге асыру аясында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту және балалар қозғалысын қолдау мақсатында өткізілді.Байқауға мектептің 8-9 сынып  оқушыларынан құралған,  «Тек қана қыздар», «Жастар», «НП ЗОЖ», «Менің сүйікті», «Продакшн» КТК  командалары қатысты.

Мақсаты: Мектеп көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын дамыту, жас буынды тәрбиелеу, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды насихаттау.

Осы аталмыш командалардың ортаға салған өнерлеріне  Астана қаласы ІІД Есірткіге  қарсы бизнесінің күрес басқармасының полиция капитаны  Алия Қибатқызы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ ӘПБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Р.Е.Абдразақова, мектеп - гимназиясының тәрбие ісі меңгерушілері Тұрғамбекова О.М., Нұрғалиева А.Қ. және мектеп президентті 10 сынып оқушысы Бектурсынова Әлия төрелік жасады.Қазылар алқасы командалардың жарыс тақырыбының сәйкестілігін, орындаушылардың актерлік шеберлігін, әзіл сапасын, сахна мәдениет, музыкалық әрлеуін, регламентті сақтауын бағалады. Қазіргі күні нашақорлықтың 25 жасқа дейінгі    жастар     арасында  кеңінен таралып  отырғаны алаңдатады. Қатысушылар дерт туралы, оның  келтірер залалы, емделу  жолдары кеңінен әңгімеледі.

Конкурс соңында  мектепішілік  деңгейде қатысушылар арасында жеңімпаз командалар бірінші орынға «Продакшн» командысы иеленді. Оларға  кубок, футболка, бас киім кепкасы, екінші орында «Тек қана қыздар» командасы, кубок, бас киім кепкасы,  үшінші орында «Жастар» командасы  кубок, футболкамен марапатталды.
498 просмотров

Добавлено: 26.04.2014 в 17:00