Меню KDT

Жаңалықтар

Қазақ аруы - 2014

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. «Қызғалдақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес №65 мектеп-гимназиясында «Қазақ аруы-2014» байқауы болып өтті. Қыздар -  сұлулық пен әсемдік символы десек қателеспейміз. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді аруларымыз  сынға түскелі тұр.

        Байқау 6 және 8 сынып аралығында өтті. Төрт кезеңнен тұрды. І - кезең «Таныстыру»; ІІ - кезең «Қазақтың салт-дәстүрі»; ІІІ - кезең «Өнерлі - өрге жүзер»; ІV - кезең «Ситуациялық сұрақтар». Кезеңдер арасында 6 «А» сыныбынан құрылған  КВН командасы «Astana boys», М.Мақатаевтың «Қыздарға» деген өлеңімен шыққан Төлеген Санжар, Мейрамбек Әділет «Beatbox», Абылайхан Бейбіт «Жарай ма?» әні

көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Ал аталмыш кезеңдерден  аруларымыз сүрінбей өтті. Аруларымыз «Сәнқой ару» Дүйсенова Айша, «Парасатты ару»  Кеншімбаева Ақмарал, «Ең сүйкімді ару» Ертасқызы Айзат, «Ең өнерлі ару» Атемкулова Аружан, «Ең білімді ару» Құсайынова Ұлдана, «Ең батыр ару» Замулла Екатерина, «Көрермен көзайымы» Сыбанбек Аяулы, «Сөзге шешен-тілге көсем» Нұскенқызы Амина, Бас жүлде «Қазақ аруы - 2014» Ахметбек Дана иеленді.

       Әр өнер көрсеткен оқушылар өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдырды.

«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын,

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.

645 просмотров

Добавлено: 25.04.2014 в 15:00