Жаңалықтар
Жас жол инспекторларының аудандық слеті
Астана қаласының Ішкі Істер Департаменті мен Білім Басқармасы бірлескен жоспарына сай «Сарыарқа» ауданы бойынша балалардың жолда жүру кезіндегі жарақаттың алдын алу мақсатында 2014 жылғы сәуірдің 17-і күні №58 мектеп -гимназиясында Жас жол инспекторларының аудандық слеті болды.
Астана қаласының Ішкі Істер Департаменті мен Білім Басқармасы бірлескен жоспарына сай «Сарыарқа» ауданы бойынша балалардың жолда жүру кезіндегі жарақаттың алдын алу мақсатында 2014 жылғы сәуірдің 17-і күні №58 мектеп -гимназиясында Жас жол инспекторларының аудандық слеті болды.
ЖЖИ слетінің басты мақсаты - балалар қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру.
№58 мектеп-гимназиясының алаңында жол инспекторларының үлгісіндегі түрлі киімдерін, пилоткаларын бірегей киген жасақтармен қатар біздің мектеп №65 МГ жасағы, яғни 8 «а» сыныбы да сынға түсті. Бастапқы «Саптық байқау» кезеңінде біздің мектеп жасағы сапқа тұрып, топ командирі әділ қазы төрағасына баянат беріп өтіп, алаңда саптық байқауын көрсетті. Олар саптық командаларды орындап, әндете жүріп, салтанатты марш көрсетті. Мұнан соң жас инспекторлар түрлі бағытта сайыстарға қатысып, жол ережелеріне сәйкес білім деңгейлерін ортаға салды. «ЖЖИ білгіштері» бойынша топ атынан Салықбаева Карина, Саринов Ескендір, Сапаров Мақсат билеттегі жол ережелері мен белгілерге қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап берді. «Дөңгелек» сайысында тобымыздан екі велосипедші Сыбанбек Дархан мен Жақсылықова Жанель шығып, тар жол, «S» тәріздес жол және көздеп тежеу сияқты берілген түрлі кедергілерден мәнерлеп өтті. «Жас санитар» байқауына қатысқан Жақсылық Сара медбикелердің теориялық және практикалық сұрақтарына жауап бере отырып, алғашқы көмек көрсету жолдарын айтып, сыннан сүрінбей өтіп, қарсыластарын артқа тастады. Сонымен қатар «Жас реттеуші» байқауына топтан жасақ командирі Базарбай Азат шығып, жол қозғалысын реттеу, бағдаршам белгілеріне сәйкес реттеушінің қимылын түсіндіру бағытында практикалық тапсырмаларды орындап шықты. Эрудит турнирінде Оразаева Тоғжан ЖЖИ қозғалысының тарихы, ЖҚЕ пайда болуы және дамуы, жолдардың даму тарихы төңірегіндегі сұрақтарына жауап беруге тырысты.
Осындай сындардан өткен отрядтың барлық бағытына бөлініп, бағалап отырған әділ қазылар мүшелері сайыстықорытындылады.Нәтижесінде
«ЖЖЕ білімпаздар» номинациясында жеңіске жеткені үшін Салықбаева Карина, Саринов Ескендір, Сапаров Мақсат Астана қ. ІІД ӘПБ бастығынан димломмен мараппатталды.
«Жас санитар» номинациясында жеңіске жеткені үшін Жақсылық Сара ІІД ӘПБ бастығы Б.Ә.Малыбаев дипломмен марапатталды.
65 мектеп-гимназиясының «Қиылыс» командасына жас жол инспекторларының слетіне белсенді қатысқандары үшін Астана қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы Алғыс хат тапсырды.
1117 просмотров
Добавлено: 18.04.2014 в 15:00