Жаңалықтар
Абайлаңыз, су тасқыны
Көктемгі су тасқыны мезгілі жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастайды. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген уақытта мұз жарылып, суға батып кетуіңіз мүмкін. Осы мақсатта Астана қаласының Төтенше Жағдайлар Департаментінің суда құтқару қызметінің әдіскері Зуева Тамара Анатольевна мектебімізге шақырылды.
Көктемгі су тасқыны мезгілі жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастайды. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген уақытта мұз жарылып, суға батып кетуіңіз мүмкін. Осы мақсатта Астана қаласының Төтенше Жағдайлар Департаментінің суда құтқару қызметінің әдіскері Зуева Тамара Анатольевна мектебімізге шақырылды. Тамара Анатольевна 5,6,7,8 сынып оқушыларына Төтенше жағдайдың талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша 4 қайғылы жағдай тіркелгенін. соның салдарынан 3 адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы, яғни олар ата-аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін қайғылы аяқталуы мүмкіндігі туралы толығымен слайд арқылы әңгімелеп берді.
Көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- мұз айдынына шығуға;
- сең жүру кезінде өзеннің арғы бетіне өтуге;
- өзендегі мұздың кептелісіне жақын жүруге;
- жағалауды су шаю қаупі бар тік жарларға жақын тұруға;
- кішкене көпірлерде, бөгеттерде және тоғандарда жиналуға;
- мұз кептелісіне жақын тұруға, мұздарды жағалаудан итеруге;
- өзеннің немесе кез келген су қоймасының тереңдігін өлшеуге;
- мұз үстінде жүруге және сырғанауға.
Естеріңізде болсын:
- көктемде мұз морт сынғыш;
- мұздың ыдырау үрдісі әсіресе жағалауда тез жүреді;
- қармен жабылған, көктемгі мұз ауыр салмақты көтермейді.
- көктемде балалар ойнайтын жерлерге бақылауды күшейті қажет.
Мұқият және сақ болыңыздар, себебі көктемгі мұз өте қауіпті!
727 просмотров
Добавлено: 12.03.2014 в 15:00