Меню KDT

Жаңалықтар

Тарихи тұлға, Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековпен жүздесу


10 «А» сыныбы 2014 жылдың 14 наурызында тарихи тұлға Жандарбек Мәлібековпен кездесуге барды. Хабар телеарнасына Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі - Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков «Жүздесу» атты телехабарға шақырылған еді.


10 «А» сыныбы 2014 жылдың 14 наурызында тарихи тұлға Жандарбек Мәлібековпен кездесуге барды. Хабар телеарнасына Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі - Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков «Жүздесу» атты телехабарға шақырылған еді. Бағдарлама барысында оқушылар аңыз тұлға, яғни Жандарбек Мәлібеков туралы көп мағлұмат алып, Елтаңбаның шығу тарихына шолу жасады. Бағдарлама 2 сағат көлемінде болып, оқушылар тарапынан сан алуан сауалдар қойылды. Жандарбек Мәлібеков  барлық сауалдарға барынша толық түрде жауап берді. Оқушыларды қызықтырған сұрақтар: оның өнері, өмірі, ұстаздары, отбасы, Елтаңба жайлы қойылған еді. Оқушыларға бұл кездесу аса қатты ұнады және  Жандарбек Мәлібековтың бірнеше ұғымдарға көзқарасын білді. Мысалы, қазақ елінің ұлттық мейрамдарының бірі Наурызды сәулетшіміз қатты жақсы көреді екен және оның өткізілуіне аса қатты мән береді. Қазақ елінің жері ұлан байтақ және ата-бабаларымыз киелі мейрам Наурызды далада, ашық алаңда, киіз үйде, алтыбақан құрып, емін-еркін өткізген. Сондықтан Жандарбек Мәлібеков Наурыздың өткізілуіне аса қатты мән беретін, мейрамды қазақ жұртының барлығы далаға шығып, 2 км –ге созылған алаңға шығып, киіз үй құрып, Наурызкөже пісіріп, аса үлкен дәрежеде атап өтілуін қалайды екен.


861 просмотров

Добавлено: 14.03.2014 в 17:00