Жаңалықтар
"Өрт кезіндегі іс - әрекет"
Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес Астана қаласы өртке қарсы күрес қызметінің капитаны Мадияр Мырзагельдинов мектепке шақырылды.
Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес Астана қаласы өртке қарсы күрес қызметінің капитаны Мадияр Мырзагельдинов мектепке шақырылды. Ол мектептің ұжымына тілсіз жау адам өміріне көптеген зиян тигізіп, адам өмірлерін жоятынын айта келіп, өрт сөндірушілер келгенше, дұрыс әрекет жасай алсақ, өзіміз біразын құтқарып алудың жолдарын түсіндіріп берді.
Өрт кезінде ең қорқыныштысы - сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасыз. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білуі керек!
Ең алдымен өрт сөндіру қызметін шақыртып, бастысы – балаларды құтқару керектігін әңгімелеп, өрт туындаған жағдайда қалай өрт сөндіргіштерді қолданатынына тоқталды.
Сонымен қатар мектеп дәрігері Қайыркенова А.Қ. алғашқы көмек — адамөміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оныңөмірін сақтапқалуүшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатынқарапайым шаралар туралы баяндап берді.
880 просмотров
Добавлено: 15.03.2014 в 15:00