Меню KDT

Жаңалықтар

Аналар кеңесінің отырысы


«Аналар кеңесі» клубы өз жұмысын жалғастыруда. Халықаралық Әйелдер күнінің қарсаңында наурыздың 5-і күні кезекті түрде клуб отырысы өткізілді. Отырыста 2 «л», «н», 5 «л», 6 «л», 11 «л», 11 «ә» сынып oқушыларының аналары қатысты.


«Аналар кеңесі» клубы өз жұмысын жалғастыруда. Халықаралық Әйелдер күнінің қарсаңында наурыздың 5-і күні кезекті түрде клуб отырысы өткізілді. Отырыста 2 «л», «н», 5 «л», 6 «л», 11 «л», 11 «ә» сынып оқушыларының аналары қатысты. Мейрам қарсаңында өткендіктен зал мерекелік түрде безендірілді, аналардың көңіл күйі көтеріңкі, бір жаңалық күткендей. Олардың үміттері ақталғандай. Отырыс тақырыбы: «Отбасылық альбомнан фотолар». Клуб жетекшісі Алла Петровна алдын ала аналарға фотолар алып келуіне тапсырыс берген. Аналар альбомнан жақындарының, сүйіктілерінің фотографияларын таңдады. Фотосуретте бейнеленген адам туралы әңгіме тыңдаушыларды толғандырды және әсер қалдырды. Кейбір аналар көздеріне жас алып, әлдебіреуі өмірінен қандай да бір оқиғаны еске алды. Сөз соңында аналар Алла Петровнаны да мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, шығармашыл түрде жұмыс жасап жатқанына алғысын айтты.
670 просмотров

Добавлено: 06.03.2014 в 15:00