Меню KDT

Жаңалықтар

Алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі жедел жәрдем.


          «Өзіңе және өзара көмек көрсете біл!»  деген айлық  аясында 2014жылғы 04 наурыз күні мектепте 6 сынып оқушылары арасында мектеп дәрігері Қайыркенова А.Қ. мен медбике Сағындықова .Б.Спрактикалық сабақтар өткізді.


          «Өзіңе және өзара көмек көрсете біл!»  деген айлық  аясында 2014жылғы 04 наурыз күні мектепте 6 сынып оқушылары арасында мектеп дәрігері Қайыркенова А.Қ. мен медбике Сағындықова .Б.Спрактикалық сабақтар өткізді. Осы практикалық сабақ барысында зардап шеккен адамдарға апат болған жерден тез арада алып шығу, одан кейін оларға  мүмкіндік болғанша апатқа себеп болған факторларды  жою, жәрдем беру, жедел жәрдем шақыру, оның мүмкіндігі болмаса, зардап шеккен  адамды тез арада емханаға жеткізуді ұйымдастыру туралы мәліметтер берілді.Ток соққан, жарақат алған кезде, қанның аққанын тоқтату  әдістерін оқушылардың тікелей қатынасуымен практика жүзінде көрсетілді.  Сонымен қатар арнайы құралдар арқылы сүйек сынғанда, буындар шыққанда, созылғанда не соққы алғанда алғашқы көмек  қалай жасау керек екенін оқушылар бір-біріне іс жүзінде  көрсетіп, үйренді. Әсіресе оқушыларға үсу кезінде, химиялық заттармен улану және күюдің әртүрлі дәрежесінде жасалатын көмектер көлемі жөнінде ақпараттар беру кезінде оқушылар көптеген сұрақтар  қойды. Жалпы оқушылар саны - 152


728 просмотров

Добавлено: 05.03.2014 в 15:00