Меню KDT

Жаңалықтар

«АСТАНА ДАРЫНЫ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ


«Астана дарыны» ӨҒПО «желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өсіп келе жатқан жастардың бойында білімге деген талпынысын, ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиетін арттыру мақсатында «көшбасшы-оқушы» конкурсын өткізеді.


«Астана дарыны» ӨҒПО «1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өсіп келе жатқан жастардың бойында білімге деген талпынысын, ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиетін арттыру мақсатында «көшбасшы-оқушы» конкурсын өткізеді.
Конкурс үш кезеңнен ұйымдастырады:
І кезең-Астана қаласының білім беру мекемелерінде 2017 жылғы 10 қыркүйек-11 қазан күндері.
ІІ кезең–іріктеу (тестілеу) №3 мектеп-гимназия базасында 2017 жылғы 18 қазанда.
ІІІ кезең – іріктеу (қалалық) – шешуші кезең: 2017 жылғы 24 қарашада. Тақырыбы: «Астана-Еуразия жүрегі».
Қатысу үшін қажетті шаралар:
  • Мектептегі негізгі пәндер бойынша жоғары бағалары;
  • Ой өрісінің кеңдігі, ІQ деңгейі;
  • Қоғамдық өмірге белсенді араласуы:
  • Көшбасшылық қабілеті:
  • Шешендік қабілеті;
Конкурстың екінші ірктеу кезеңіне Астана қаласы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары арасынан 1 үміткер ғана қатыса алады.Тестілеу қорытындысы бойынша ІІІ қалалық кезеңге өтеді.
І тур. «Бәйге». Жалпы эрудиция сұрақтары
ІІ тур. Конкурс. Интелектуалдық саяхат.
ІІІ тур. «Шешендік өнер». Берілген тақырып бойынша спич.
Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін сұраныс 2017 жылғы 11 қазанына дейін astanadaryn@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.

638 просмотров

Добавлено: 20.09.2017 в 00:00