Меню
Жаңалықтар
«Мектепке жол» акциясы – ізгілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі.
«Мектепке жол» акциясы аясында Астана қаласының жеке сот орындаушыларының демеушілігімен мектебіміздің оқушыларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектеп жабдықтары табысталды. Бұл игі бастама – балаларға қолдау көрсетіп, олардың білім алуға деген ынтасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алған оқушылардың қуанышы – жасалған жақсылықтың ең үлкен жемісі. Мектебімізге қолдау көрсетіп, оқушыларымызға қамқорлық танытқан Астана қаласының жеке сот орындаушыларына, сондай-ақ демеушілік жасап, ізгі ниеттерін білдірген азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Атап айтқанда, қолдау көрсеткен Сагинаев Айдос Жанбырбаевичке ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен қатар, жеке демеушілік жасап, балаларға қуаныш сыйлаған Жанасаева Мадина Садыковна мен Жумамуратова Акнур Жайылгановнаға шын жүректен алғыс айтамыз. Осындай қайырымды істер қоғамдағы өзара қолдау мен адамгершілік құндылықтарды нығайтып, жас ұрпаққа мейірімділік, жанашырлық және жауапкершілік қасиеттерін дәріптейді. Әрбір балаға білім алуға тең мүмкіндік жасау жолындағы игі бастамаларыңыз еселене берсін! Жаңа оқу жылы барша оқушыларымыз үшін сәттілікке, жаңа жетістіктерге және жарқын белестерге толы болсын! ВИДЕО
13 просмотров
Добавлено: 27.08.2026 в 12:04