Меню KDT

Жаңалықтар

«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты сайыс өткізілді



«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты сайыс өткізілді
Сайысқа барлық 1 –сынып оқушылары, ата-аналарымен қатысты.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасы туралы білімдерін тексере отырып, ақынды жас ұрпаққа таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу болып табылды
Сайыс төмендегідей үш бөлімнен құралды:
І. Таныстыру
ІІ. Мәнерлеп оқу сайысы
ІІІ. Шығармашылық топ сайысы
IV. Ойлан тап
Сайыс қорытындысы бойынша «Ұшқыр ойлы», «Керемет сурет», «Тіл шебері», «Тіл майталманы» атты номинациялар бойынша марапатталды. Сайыс өте қызықты өтіп, ата-аналар керемет көңіл күймен тарады.
«Оқушы-ұстаз-ата-ана» -үштік одақ ынтымақтастығы бағытында іс-шаралар жалғасын табады.
Аталған сайысты бастауыш сынып мұғалімдері: Жылқыбаева В.А. Курмантаева А.И. ұйымдастырып өткізді.
36 просмотров

Добавлено: 29.02.2024 в 13:45